Алматы облысында тұрғын үй ауласында көлік екі баланы қағып кетті
Алматы облысының Талғар ауданында Chevrolet Cobalt көлігінің 25 жастағы жүргізушісі тұрғын үй кешенінің ауласында екі баланы қағып кетті, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Жол-көлік оқиғасы 4 қыркүйек күні сағат 18:20 шамасында Бесағаш ауылындағы «Нұрия» тұрғын үй кешенінде болған.
Полицияның мәліметінше, екі кәмелетке толмаған бала түрлі дене жарақаттарын алған. Олар медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді.
Жергілікті тұрғындар көлік шамамен 40 км/сағ жылдамдықпен жүрген болуы мүмкін екенін айтқан. Алайда бұл ақпарат ресми түрде расталмады.
Полиция жүргізушілерді, әсіресе тұрғын үй аулаларында жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0