Алматы облысында жеңіл көлік мектеп оқушысын қағып кетті

Апат салдарынан қыз бала ауыр жарақат алып, бауыры жарылған.

Қазан 20, 2026 - 14:47
 0  2
Алматы облысында жеңіл көлік мектеп оқушысын қағып кетті
Фото: Видеодан скрин

7 қазанда Алматы облысы Қарасай ауданының Жамбыл ауылында Toyota Land Cruiser 200 көлігінің жүргізушісі жолдан өтіп бара жатқан мектеп оқушысын қағып кеткен, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Криминальный Казахстан Telegram арнасының мәліметінше, апат салдарынан қыз бала ауыр жарақат алып, бауыры жарылған. Оған ауылдық ауруханада шұғыл ота жасалды.

Анасының айтуынша, 15 қазанда қыз ауруханадан шығарылған. Алайда ол әлі күнге дейін қатты ауырсынуды сезінеді және қосымша медициналық тексеруден, соның ішінде КТ мен МРТ-дан өтуі қажет.

Әйелдің сөзінше, көлік жүргізушісі осы уақытқа дейін отбасына материалдық немесе моральдық тұрғыдан ешқандай көмек көрсетпеген.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0