Алматы облысында жер сілкінісі тіркелді

Маусым 8, 2026 - 22:41
chat_bubble  0 visibility  2
Алматы облысында жер сілкінісі тіркелді
Фото: Pixabay.com

ҚР ТЖМ «СБЗҰҒО» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 8 маусымда Астана уақытымен сағат 21:55-те жер сілкінісін тіркеді, - деп хабарлайды Sadaq.kz.

Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлім етті. 

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 111 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан. 

Жер сілкінісінің координаттары: 42.920° с.е., 78.188° ш.б. Тереңдігі – 5 км. Есептік қарқындылығы (баллмен):

• Алматы облысы, Кеген ауданы, Саты ауылы – 2,5 балл;

• Алматы облысы, Кеген ауданы, Жалағаш ауылы – 2 балл. 

Еске сала кетейік, 4 маусымда сағат 21:22–де Алматы тұрғындары жер асты дүмпуін сезген болатын.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0