Алматы тұрғыны сайт арқылы танысқан қызбен кездесуде тосын жайтқа тап болған

Қазан 21, 2025 - 09:23
Қазан 21, 2025 - 09:31
Алматы тұрғыны сайт арқылы танысқан қызбен кездесуде тосын жайтқа тап болған
Фото: polisia.kz

Алматыда жалған таныстық арқылы жасалған тонау әшкереленді, - деп хабарлайды Sadaq.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Танысу сайттарының бірінде қызбен танысқан ер адам қылмыстың құрбаны болған. Қысқа әңгімеден кейін олар жалдамалы пәтерде кездесуге келіседі. Алайда кездесудің ортасында пәтерге қыздың "ағаларымыз" деген үш ер адам кіріп келіп, оның кәмелетке толмағанын айтып, жәбірленушіден ақша талап еткен.

Сондай-ақ, олар оның телефоны мен басқа да заттарын тартып алған. Жедел іс-шаралардың нәтижесінде полиция қызметкерлері қылмысқа қатысы бар барлық адамдарды анықтап, ұстаған.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Өкінішке қарай, мұндай жағдайлар жиі кездеседі. Азаматтарды интернет арқылы танысу кезінде барынша сақ болуға, күмәнді орындарда кездесуден бас тартуға және тек хат-хабар арқылы ғана таныс адамдарға сенбеуге шақырамыз", – деді Алматы қаласы Алмалы аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің бастығы Тимур Иманбеков.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow