Алматыда 40 жастағы әйел тоғызыншы қабаттан құлап кетті

Шілде 26, 2026 - 14:57
 0  16
Алматыда 40 жастағы әйел тоғызыншы қабаттан құлап кетті
Фото: pixabay

Алматының Алмалы ауданында қайғылы жағдай болды. Полиция 40 жастағы әйелдің қаза болу мән-жайын анықтап жатыр, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, әйел өзі тұрып жатқан көпқабатты үйдің тоғызыншы қабатынан құлаған.

Жедел-тергеу тобы пәтерді тексеру барысында тергеу үшін маңызы бар материалдар мен мән-жайларды, оның ішінде мазмұны зерделенетін жазбаны анықтады.

Алматы қаласы Полиция департаментінің мәліметінше қазіргі уақытта тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлері болған оқиғаның толық мән-жайын анықтап, ықтимал себептерін, марқұмның өмір салтын, қарым-қатынас ортасын және қайғылы жағдайға дейін болған өзге де мән-жайларды зерделеп жатыр.

Тексеру қорытындысы бойынша процестік шешім қабылданады.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0