Алматыда автобус жүргізушісі тізгінде келе жатып көз жұмды

Қаңтар 27, 2026 - 10:05
Қаңтар 27, 2026 - 10:09
 0  7
Алматыда автобус жүргізушісі тізгінде келе жатып көз жұмды
Фото: alash.kz.

Алматыда №92 автобустың жүргізушісі көлік жүргізіп келе жатып, жағдайы нашарлап қайтыс болды, деп хабарлайды Sadaq.kz. 

55 жастағы ер адамға инфаркт диагнозы қойылды. Оқиға Абай даңғылы мен Саин көшесінің қиылысында болған.

Жүргізуші сол күні таңертең міндетті рейс алдындағы медициналық тексеруден өткен. Марқұм компанияда 2023 жылдың тамызынан бастап жұмыс істеген.

Куәгерлердің айтуынша, жолаушылардың бірі дер кезінде әрекет етіп, автобусты тоқтатуға көмектескен. Соның арқасында жол-көлік оқиғасының алдын алынды.

Өкінішке қарай, жүргізушінің өмірін аман сақтап қалу мүмкін болмады. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, ресми органдардың түсіндірмесі күтілуде.

"Автобусқа техникалық зақым келген жоқ, жолаушылар арасында зардап шеккен жоқ. Қажетті тергеу шаралары жүргізілгеннен кейін көлік құралы саябаққа жеткізілді", – деп толықтырды "Алматыэлектротранс".

Компания қайтыс болған адамның туыстарына көңіл айтып, оның отбасына көмек қолын созатынын жеткізді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0