Алматыда ер адам балконнан секірмек болған әйелін полицейлер келгенше ұстап тұрған

Шілде 23, 2026 - 16:09
 0  25
Алматыда ер адам балконнан секірмек болған әйелін полицейлер келгенше ұстап тұрған
Фото: Видеодан скрин

Алматыда ер адам балконнан секіруге әрекеттенген әйелін полицейлер келгенше ұстап тұрған, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Оқиға кеше сағат 17:00 шамасында болған. Сейфуллин даңғылындағы үйлердің бірінде әйел өзіне қол жұмсамақ болған.

Патрульдік полиция қызметкерлері мен Түркісіб аудандық полиция басқармасының учаскелік инспекторы оқиға орнына жедел жетті. Полицейлер келген сәтте әйелді күйеуі бар күшін салып ұстап тұрған. Қызметкерлер пәтерге кіріп, әйелмен сенімді байланыс орната алды. Оны сабырға шақырып, қолайлы сәтті пайдаланып, күйеуімен бірге әйелді қайтадан пәтер ішіне кіргізді. Әйел аман қалды, - деп хабарлады Алматы қаласының ПД баспасөз қызметі. 

Қазіргі уақытта оның мұндай ойланбай жасаған әрекетіне не себеп болғаны анықталуда.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0