Алматыда сабақ үстінде оқушы қайтыс болды

Сабақ кезінде қыз бала өзін нашар сезініп, есінен танып қалған.

Сәуір 30, 2024 - 14:49
 0  135
Алматыда сабақ үстінде оқушы қайтыс болды

Алматы облысында 4-сынып оқушысы сабақ үстінде көз жұмды, деп хабарлады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Қайғылы жағдай Қарасай ауданы Қошмамбет ауылындағы орта мектепте болған. Алматы облыстық білім басқармасы қайғылы жағдайды растады.

«Сабақ кезінде қыз бала өзін нашар сезініп, есінен танып қалған. Медициналық көмек ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына сәйкес көрсетілді. Медицина мамандары қанша тырысқанымен мектеп оқушысын аман алып қала алмады. Оқушы қыз жедел жәрдем көлігінде, ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды», - деп түсіндірді ведомстводан.

Қазір құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 1
😢 Қайғылы 3
😮 Жарайсың 0