Алматыда тамақтан уланған 58 оқушы ауруханадан шықты

Оқиғадан кейін мектепте тексеру басталып, оқушылар қашықтан оқыту форматына көшірілді.

Қазан 22, 2026 - 13:32
 0  10
Алматыда тамақтан уланған 58 оқушы ауруханадан шықты
Фото: pixabay

Алматыда ішек инфекциясымен ауруханаға түскен РФМШ оқушылары үйіне шығарылды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған Республикалық физика-математика мектебінің оқушылары ем қабылдап шықты.

"2026 жылғы 12 қазаннан бастап стационарға 58 бала жатқызылды. Дәрігерлер оларға қажетті медициналық көмек көрсетіп, клиникалық хаттамаларға сәйкес ем жүргізді", - деді ведомстводағылар.

Естеріңізге салаа кетейік, бұған дейін Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінің ондаған оқушысы жедел ішек инфекциясы белгілерімен ауруханаға түскені туралы жазған едік. Бұдан кейін мектепте тексеріс басталды.

Еске салайық, 12–14 қазан аралығында РФММ-нің 47 оқушысы ауруханаға түскені хабарланған еді. Кейіннен олардың саны тағы артты.

Оқиғадан кейін мектепте тексеру басталып, оқушылар қашықтан оқыту форматына көшірілді. Сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігі білім беру ұйымында анықталған заңбұзушылықтар туралы мәлімдеді.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0