Алматыда жас жігіт аялдамада тұрған зейнеткер әйелді аяусыз ұрып-соққан (ВИДЕО)

Сәуір 24, 2026 - 10:53
 0  12
Алматыда жас жігіт аялдамада тұрған зейнеткер әйелді аяусыз ұрып-соққан (ВИДЕО)
Фото: видеодан скрин

Бостандық ауданындағы аялдамада тұрған зейнеткердің жалғыз қалғанын күткен жігіт оған тұтқиылдан шабуыл жасап, соққыға жыққан, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Әлеуметтік желі қолданушысы 66 жастағы анасын жігіт ұрып-соғып кеткенін айтты.

"Ол артынан келіп, айналадағы адамдардың кеткенін күтіп, еш себепсіз анамды аяусыз соққыға жықты. Қазір анам ауруханада жатыр. Жағдайы өте ауыр. Бұл видеоны көру қиын. Бірақ оны көру керек. Мен мұны қаралым үшін жариялап отырған жоқпын. Бұл туралы мүмкіндігінше көп адам білгенін қалаймын", — деп жазды ол.

Полиция қыздың арызын қабылдап, тергеу жұмыстарын бастады.

Ал Алматы қалалық полиция департаменті бұл оқиға бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасының қылмыстық іс қозғағанын хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, зейнеткерді соққыға жыққан жігіт аз уақытта анықталып, ұсталған. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция болған оқиғаны жан-жақты әрі объективті тергеуге бағытталған кешенді тергеу амалдары жүргізіп жатыр.

Посмотреть в Threads
Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0