Алматыдағы қымбат тұрғын үй кешенінде жарылыс болды

Куәгерлердің сөзінше, жарылыс салдарынан кемінде үш пәтер бүлінген. Сондай-ақ алдын ала мәлімет бойынша, екі бала жеңіл дене жарақатын алған.

Қазан 22, 2026 - 14:40
 0  11
Алматыдағы қымбат тұрғын үй кешенінде жарылыс болды
Фото. видеодан скрин

Алматыдағы Esentai City тұрғын үй кешенінде жарылыс болып, салдарынан екі бала жеңіл жарақат алған. Оқиғаға жертөледен шыққан газ себеп болуы мүмкін, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Оқиға 22 қазанда болған. Жарылыстан кейін әлеуметтік желілерде тұрғын үй кешенінде түсірілген бейнежазбалар тарады. Видеодан ғимараттың әйнектері сынғанын, айналаға түрлі заттар шашылып, пәтерлерге зақым келгенін байқауға болады.

Куәгерлердің сөзінше, жарылыс салдарынан кемінде үш пәтер бүлінген. Сондай-ақ алдын ала мәлімет бойынша, екі бала жеңіл дене жарақатын алған.

Қазіргі уақытта жарылыстың нақты неден болғаны белгісіз. Бастапқы болжамдардың бірі бойынша, оқыс жағдайға ғимараттың жертөлесінен тараған газ себеп болуы ықтимал.

Бұдан бөлек, аталған оқиғаға байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 306-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалуы мүмкін екені хабарланды. Дегенмен құқық қорғау органдары істің тіркелгенін әзірге ресми түрде растаған жоқ.

Құзырлы мекемелердің жарылыс себептеріне, зардап шеккендердің жағдайына және тұрғын үйге келтірілген материалдық шығын көлеміне қатысты ресми мәліметі күтіліп отыр.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0