Алматыда жантүршігерлік жол апатынан екі бойжеткен қаза тапты
Алматы қаласының Алатау ауданында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, апат түнгі сағат 03:10 шамасында Рысқұлов даңғылы мен Шәріпов көшесінің қиылысында болған.
Suzuki көлігін басқарған әйел кері бағытқа бұрылмақ болған кезде қарсы бағытта келе жатқан Mercedes автокөлігімен соқтығысқан.
«Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Suzuki автокөлігінің жүргізушісі Рысқұлов даңғылымен батыс бағытта келе жатып, Шәріпов көшесінің қиылысында кері бұрылу кезінде шығыс бағытта қозғалып келе жатқан Mercedes автокөлігімен соқтығысқан», – деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаменті.
Жол апаты салдарынан Suzuki жүргізушісі мен оның жолаушыларының бірі оқиға орнында алған жарақаттарынан көз жұмды. Ал тағы бір жолаушы мен Mercedes жүргізушісі түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді.
Екі адамның өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Қазір апаттың барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0