Алмаз Джумакеев ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды
Алмаз Джумакеев ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Sadaq.kz. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Мемлекет басшысының өкімімен Алмаз Дженишевич Джумакеев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды»,– делінген хабарламада.