«Алтын Орда: дала империясы әлемді қалай өзгертті»: Мари Фаверо қазақ оқырманмен кездеседі
2026 жылғы 11 қыркүйекте, Астана қаласында тарихшы, Еуразияның ортағасырлық тарихы мен Жошы ұлысы тарихын зерттеуші Мари Фавероның «Алтын Орда. Дала империясы әлемді қалай өзгертті» атты іргелі еңбегінің қазақ тіліндегі нұсқасының ресми тұсаукесері өтеді.
Іс-шара Steppe & World Publishing баспа үйінің бастамасымен, Maqsut Narikbayev University (MNU), Жошы Ұлысын зерделеу ғылыми институты және Қазақстандағы Франция Елшілігімен бірлесіп ұйымдастырылады.
Осы еңбекті «Steppe & World Publishing» баспа үйі қазақшаға аударып, қазақстандық оқырманға ұсынды. Кітаптың қазақ тілінде жарық көруі – Алтын Орда тарихына қатысты заманауи халықаралық зерттеулерді қазақ оқырманның өз ана тілінде оқуына мүмкіндік беретін маңызды мәдени-ағартушылық бастама.
Ғалым өз еңбегінде Алтын Орданы тек ортағасырлық дала мемлекеті ретінде қарастырмай, оның Еуразиядағы саяси, экономикалық және мәдени процестерге ықпалын кеңінен талдайды. Сауда жолдары, дипломатиялық байланыстар, қалалардың дамуы, мәдени алмасу және Шығыс пен Батыс арасындағы тарихи байланыстар арқылы Алтын Орданың әлем тарихындағы орнын жаңаша пайымдайды.
Кітаптың басты ерекшеліктерінің бірі – Алтын Орда тарихын қазіргі тарихи зерттеулер тұрғысынан қарастырып, дала өркениетінің әлемдік тарихи процестердегі рөлін кең контексте көрсетуі. Бұл еңбек Жошы ұлысының мұрасын Қазақстан тарихымен ғана шектемей, оны ортағасырлық Еуразияның саяси және экономикалық тарихының маңызды бөлігі ретінде түсінуге мүмкіндік береді.
Кездесу барысында автор өз зерттеуінің негізгі тұжырымдарын бөлісіп, Алтын Орданың әлем тарихындағы орны, Жошы ұлысының саяси-экономикалық жүйесі, дала империясының Еуразиядағы сауда мен дипломатияға ықпалы және көшпенділер өркениетінің тарихи мұрасы туралы сөз қозғайды.
Сондай-ақ, қазіргі тарих ғылымындағы Алтын Орда тарихына қатысты түсініктер, Батыс пен Шығыс арасындағы тарихи байланыстар және дала империяларының әлемдік тарихтағы рөлі жөніндегі көзқарастарын бөліседі.
Іс-шара туралы Күні: 11 қыркүйек 2026 жыл
Уақыты: 15:00 Өтетін орны: Maqsut Narikbayev University (MNU)
Мекенжайы: Астана қаласы, Қорғалжын 8
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0