Аспандағы ерлік: Қарағандылық студент ұшақ бортында жолаушыны құтқарып қалды

Қаңтар 22, 2026 - 12:25
Қаңтар 22, 2026 - 13:16
 0  47
Аспандағы ерлік: Қарағандылық студент ұшақ бортында жолаушыны құтқарып қалды
Фото: видеодан скрин

Астанадан Шымкентке бағыт алған «SCAT» әуе компаниясының рейсінде төтенше жағдай орын алды. ekaraganda.kz парақшасына жазған оқырманның хабарлауынша, 14 Қаңтар ұшу кезінде жолаушылардың бірінің денсаулығы күрт нашарлаған. Ұшақ экипажы бортта медицина мамандарының бар-жоғын сұрап, шұғыл көмек қажет екенін хабарлады. Сол сәтте жолаушылар арасынан Қарағанды медицина университетінің 7-курс студенті Дінмұхаммед Шегебаев үн қатты.

Болашақ дәрігер алғашқы медициналық көмек көрсетіп, есін жиғызды. Ұшақ Шымкент әуежайына қонғанша, Дінмұхаммед жолаушының жағдайын үздіксіз бақылап отырды. Әуе кемесі жерге сәтті қонған бойда, науқас күтіп тұрған жедел жәрдем бригадасына тапсырылды. 

Желі оқырмандары осындай білімді де батыл жастардың өсіп келе жатқанына мақтаныш білдіруде. 

Смотреть этот Reels на Instagram

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 1
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0