Астана - Қарағанды - Алматы тасжолындағы жантүршігерлік жол апаты ЖИ камерасына түсіп қалды

Қыркүйек 7, 2026 - 16:15
chat_bubble  0 visibility  10
Астана - Қарағанды - Алматы тасжолындағы жантүршігерлік жол апаты ЖИ камерасына түсіп қалды
фото: видеодан скриншот

Астана - Қарағанды - Алматы тасжолында болған жантүршігерлік жол апаты ЖИ камераларына түсіп қалды. Салдарынан бір адам қаза тапты.

ҚазАвтоЖол Ұлттық компанияның ресми Telegram-арнасында хабарланғандай, жасанды интеллект элементтері бар камералар Астана - Қарағанды - Алматы республикалық маңызы бар автожолының 51-шақырымында болған жол апатын тіркеді.

Бейнежазбадан Астана қаласы бағытында қозғалып келе жатқан Mercedes автокөлігінің жүргізушісі басып озу маневрін жасау кезінде "Газель" автокөлігімен бір бағытта соқтығысқанын көруге болады. Соққы салдарынан "Газель" жүргізушісі көлікті басқара алмай, жолдың жүру бөлігінен шығып кетіп, жол жиегінде аударылған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан бір адам қаза тапты. Оқиғаның нақты себептері мен мән-жайын құзырлы органдар анықтап жатыр. "ҚазАвтоЖол" жүргізушілерді белгіленген жылдамдық режимі мен жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, ал басып озу маневрін жасамас бұрын жолдағы жағдайды жан-жақты бағалауға шақырды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0