Астанада белгісіз біреу лифт ішінде 5 жасар баланың бетін пышақтап тастады

Ақпан 11, 2025 - 21:16
Ақпан 11, 2025 - 22:50
Астанада белгісіз біреу лифт ішінде 5 жасар баланың бетін пышақтап тастады

Астанадағы көпқабатты үйдің лифтінде сұмдық жағдай болды, деп хабарлады sadaq.kz порталы. 

Белгісіз бір адам кішкентай баланың бетін пышақпен тілгілеп тастаған.

Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, жас балаға пышақ ала жүгірген адам психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған. 

Шабуыл жасаған 14 жастағы жасөспірім, ал зардап шеккен бүлдіршін небары 5 жаста ғана.

«Оқиғаны тергеу барысында психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған кәмелетке толмаған бала анықталды. Оның заңды өкілдері полицияға шақырылды. Олар бала тәрбиесіне байланысты міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін заң аясында қатаң жауапкершілікке тартылады», – деп хабарлады Астана қалалық полиция департаменті.

Зардап шеккен бала дереу ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлердің айтуынша, бүлдіршіннің жағдайы ауыр.

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталып кетті. 

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow