Астанада блогер Жанәбіловтардың соты өтіп жатыр
Бүгін, 13 наурызда Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты іс бойынша сот процесі басталады. Бұл ақпаратты соттың баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды Sadaq.kz.
Сот мәліметінше, қылмыстық іс бойынша алдын ала тыңдау сағат 15:00-ге тағайындалған.
Еске салайық, 2025 жылғы 9 қазанда апелляциялық алқа блогерлер Ерболат Жанәбілов пен оның жұбайы Эльмира Төлегенованың шағымдарын қанағаттандырусыз қалдырды. Бұл олардың бастапқыда әкімшілік іс ретінде қозғалған істері қылмыстық іске қайта сараланып, сол бойынша тергеу жүргізілуі мүмкін екенін білдірген.
Кейін Қаржы мониторингі агенттігі блогерлерге қатысты қылмыстық іс қозғалғанын растады. Жанәбіловтерге екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қаупі төніп тұр.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0