Астанада интернет-дүкен арқылы есірткі сатқан бес ер адам ұсталды
Тінту кезінде 12 келіге жуық есірткі, оның ішінде марихуана, гашиш және каннабис шайыры табылды.
Астанада «Пепе» интернет-дүкені арқылы есірткі сатқан бес ер адам ұсталды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Полиция мен Мемлекеттік күзет қызметі бірлескен операция барысында күдіктілерді жалдамалы пәтерлерден ұстаған. Тінту кезінде 12 келіге жуық есірткі, оның ішінде марихуана, гашиш және каннабис шайыры табылды. Полиция қолма-қол ақша, банк карталары, телефондар, электронды таразылар мен есірткіні қаптауға арналған құрылғыларды да тәркіледі.Сондай-ақ құрамында каннабис шайыры бар, салмағы 100 грамнан келетін 238 печенье табылған.
Күдіктілер қамауға алынды. Оларға қатысты Қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.