Астанада қатты желден көпқабатты үйдің қасбеті опырылып түсті

Наурыз 11, 2026 - 21:08
chat_bubble  0 visibility  2
Астанада қатты желден көпқабатты үйдің қасбеті опырылып түсті
Фото: Видеодан скрин

Астанада қатты желдің салдарынан тоғыз қабатты үйдің қасбеті құлады, деп хабарлайды sadaq.kz.

Оқиға 11 наурыз күні шамамен сағат 17:00-де болды. Қатты желдің екпінінен 2015 жылы пайдалануға берілген "Айка" тұрғын үй кешенінің қасбетінің жылу оқшаулағышы ұшып кеткен. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Тұрғын үй кешенін басқарушы компания қалпына келтіру жұмыстарының құнын есептеп, өнеркәсіптік альпинистерді тарту мәселесін қарастыруда.

“Тұрғын үй қатынастары туралы” заңның 34-бабына сәйкес, пәтер иелері оларға тиесілі кондоминиумнің жалпы мүлкін күтіп ұстау міндетін көтеруге тиіс, оларға қасбеттер, подъездер, вестибюльдер, холлдар, дәліздер, баспалдақтар мен алаңдар, лифтілер, шатырлар, кіреберіс топтарының шатырлары, шатыр асты бөлмелері, техникалық қабаттар, жертөлелер, жалпы үйдің инженерлік жүйелері мен жабдықтары кіреді”, – делінген әкімдік хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0