Астанада қолайсыз ауа райынан 20-дан астам әуе рейсі кешігіп жатыр

Наурыз 10, 2026 - 16:40
 0  20
Астанада қолайсыз ауа райынан  20-дан астам әуе рейсі кешігіп жатыр
Фото: nqz_airport
Астана әуежайында ауа райына және әуе компанияларының операциялық себептеріне байланысты рейстер кешігіп жатыр, деп хабарлады Sadaq.kz. Бұл туралы  әуежайдың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Алматы, Қостанай, Шымкент, Өскемен, Орал, Қызылорда, Бішкек және Омбы бағыттарына ұшатын 11 рейс кешікті.
"Оның ішінде 2 рейс әуе компаниясының өндірістік себептеріне байланысты, 3 рейс әуе кемесінің ауыстырылуына байланысты кешікті. Қалған рейстердің кешігуіне борттың кеш келуі себеп болды", - дейді Астана әуежайы. 
Шымкент, Петропавл, Семей, Алматы және Омбы бағыттары бойынша 9 рейс кешіктірілді. 2 рейс Астанадағы метеожағдайға байланысты, қалғандары әуе кемелерінің кеш келуіне байланысты бөгелді.
Сондай-ақ үш рейс тоқтатылды. Астанада қолайсыз ауа райының салдарынан 8 рейстің ұшуы тоқтатылды.
Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0