Астанада мысықты жіпке байлап, көшеде сүйреген әйел көптің ашуын туғызды
Астанада мысықты жіппен байлап, көшеде сүйреп келе жатқан әйелдің видеосы тарап, көптің ашуын туғызды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Кадрларда әйелдің жануарды жетектемей, жіпке байлап, сүйреп келе жатқанын көруге болады. Оқиға Қордай көшесінде болған.
Жазбаға пікір қалдырған желі қолданушылары жануарға жасалған әрекетті айыптап, әйелді жауапқа тартуды сұрады.
«Міндетті түрде жауапқа тарту керек», «Жануарларға қорлық көрсететіндер әбден шаршатты», «Оны жазалау керек!», «Мынау не деген ессіздік?!», «Шок болып отырмын. Мұндайды қалай ойлап табуға болады?!» – деген пікірлер жазылды.
Осыған байланысты Астана қаласының Полиция департаменті тексеру жүргізіп жатқанын мәлімдеді. Қазір бейнежазбадағы әйелдің жеке басы анықталуда.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0