Астанада Tesla көлігімен соқтығысқан жүк көлігі көпірден құлап кетті

71 жастағы жүргізуші ауруханаға жеткізілді. Апатқа Tesla жүргізушісінің жол бермеуі себеп болған

Қазан 20, 2026 - 10:09
 0  0
Астанада Tesla көлігімен соқтығысқан жүк көлігі көпірден құлап кетті
фото: видеодан скриншот

Астанада Tesla көлігімен соқтығысқан ассенизатор жүк көлігі көпірден құлап кетті. 71 жастағы жүргізуші ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Астана қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 19 қазанда елорданың айналма жолында Tesla көлігі мен ассенизатор жүк көлігі соқтығысқан.

«Tesla көлігін басқарған 49 жастағы әйел көпірге көтерілетін жолайрықпен келе жатып, басты жолмен қозғалып келе жатқан жүк көлігіне жол бермегені анықталды. Салдарынан көліктер соқтығысып, жүк көлігі жол қоршауын бұзып, көпірден құлап кеткен», – деп мәлімдеді полиция.

71 жастағы жүк көлігінің жүргізушісі қажетті медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып, тексеру жүргізіліп жатыр.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0