Астанада жаяу жүргіншілер жолағы опырылып, қыз бала шұңқырға түсіп кетті

Астананың Есіл ауданында оқыс жағдай болды. «Қобыз сарайы» маңындағы жаяу жүргіншілер жолағымен өтіп бара жатқан қыз бала жер астына түсіп кеткен. Куәгерлердің сөзінше, жолға төселген плиталар опырылып түскен.
Әлеуметтік желілерде тарап жатқан ақпаратта шұңқырдың тереңдігі бір метрге жуық болғаны айтылады. Құлаған қыз аяғынан жарақат алып, тұрғындар жедел жәрдем шақыртқан.
«Астанада бір қыз шұңқырға түсіп кетті. Ол “Қобыз сарайының” жанындағы жаяу жүргіншілер жолымен жүріп бара жатқанда, тас төсеуіш кенеттен опырылып кеткен», – делінген жарияланған жазбада.
Сіздің реакцияңыз қандай?






