Астанада жеңіл көлік тротурарға шығып, екі жаяу жүргіншіні қағып кетті
Оқиға 19 қазанда Потанин көшесінде болған. Соқтығысудан қашпақ болған жүргізуші рөлді тротуарға қарай бұрып, жаяу жүргіншілерді қағып, қоршауға соғылған.
Астанада Lada көлігінің жүргізушісі басып озу кезінде тротуарға шығып кетіп, екі жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Одан кейін көлік металл қоршауға соғылған, деп хаюарлайды Sadaq.kz.
Оқиға 19 қазанда Потанин көшесінде болған. Полицияның мәліметінше, жүргізуші өзімен бір бағытта қозғалып келе жатқан басқа көліктің маневрін ескермеген. Соқтығысудан қашпақ болған ол рөлді тротуарға қарай бұрып, жаяу жүргіншілерді қағып, қоршауға соғылған.
Дәрігерлер зардап шеккен екі адамды тексергеннен кейін үйлеріне жіберген. Ал Lada көлігі арнайы айыптұраққа қойылды.
Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталып жатыр.