Астанада жұма намазы кезінде адамдар орын үшін жанжал шығарды

Мамыр 10, 2025 - 17:24
Астанада жұма намазы кезінде адамдар орын үшін жанжал шығарды
фото: видеодан скриншот

Астана орталық мешітінің әкімшілігі екі жас жігіт арасында жанжал болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мешіттің хабарлауынша, 9 мамыр күні жұма намазының алдында жас жігіттер арасында намаз қатарындағы орын үшін жанжал шыққан.

 “Жұма намазына келген екі жігіттің арасында қай жерде отыруға байланысты түсінбеушілік туындады. Жағдайды сабырға шақырған мешіт қызметкері шешті. Жақында ислам құндылықтарын қабылдай бастаған жастарға исламның бейбітшілік діні екені, мешіттің жер бетіндегі Алланың үйі, ешқандай дау-дамай болмайтын ғибадат орны екендігі айтылды", – делінген хабарламада.

Желі қолданушылары бұл әрекетке наразылық білдіріп, мешіттің дау-дамай шығаратын орын емес екенін баса айтты.

Пікірлерде: «Біздің ер адамдар үнемі бірдеңе дәлелдеуге тырысады… сабырлы болайық, өмірден ләззат алайық», «Мешітке келіп, өзін ұстай алмайтындарға не айтуға болады?», «Мешіт – рухани тыныштық орны, мұндай әрекетке жол жоқ» деген сынды пікірлер жазылды.

Астана қалалық Полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты әзірге ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow