Астаналық тұрғын екі кішкентай қызын Сириядағы лаңкестерге күйеуге бермек болған

Астана қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі елорда тұрғынының Telegram мессенджері арқылы кәмелетке толмаған екі қызын лаңкестік топ мүшелеріне күйеуге беру үшін Сирияға баруды талқылағанын анықтады, деп жазады Sadaq.kz. Ол сонымен қатар, мессенджерді терроризмді қолдауға бағытталған материалдар мен идеологияны тарату үшін пайдаланған.
“Кінәлі адам полиция қызметкерлерімен Алматы әуежайының аумағында Түркия арқылы Сирияға ұшуға дайындалу кезінде ұсталды. Басты сот талқылауында сотталушы Telegram топтық чатында діни себептермен қарулы қақтығыстар туралы оң пікір айтқаны, сондай-ақ кәмелетке толмаған екі қызын лаңкестік топ мүшелеріне күйеуге беру үшін Сирияға баруды талқылағаны анықталды. Мемлекеттік айыптаушы сотқа бұлтартпас дәлелдемелерді ұсына отырып, кінәлінің телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, терроризімді насихаттау және террористтіктоптың әрекетіне қатысуға дайындалу ниетін дәлелдеді. Сот үкімімен кінәлі адамға 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды”, – делінген прокуратура хабарламасында.
Астана қаласының прокуратурасы террористiк топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу, мүлкі тәркіленіп, 17 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына әкеп соғатынын ескертіп отыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?






