Атырауда оқушы қызға қатарласы үшкір зат сұғып алған

Наурыз 14, 2026 - 11:47
 0  16
Атырауда оқушы қызға қатарласы үшкір зат сұғып алған
Фото: видеодан кадр

13 наурыз күні Атырау қаласындағы мектептердің бірінде 8-сынып оқушысын 9-сынып оқушысы жарақаттаған, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Оқиға орнына жедел түрде жедел-жәрдем мен полиция қызметкерлері барған.

Сондай-ақ, зардап шеккен оқушы облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. 

Оқиғаны полиция растады.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 9-сынып оқушысы үшкір затпен жарақат салған. Күдікті ұсталып, ата-анасымен бірге полиция бөліміне жеткізілді.

"Барлық процессуалдық әрекеттер оның заңды өкілдерінің қатысуымен жүргізілуде. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері қажетті тергеу амалдарын жүргізуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ, бала тәрбиесімен тиісінше айналыспаған ата-анасы да жауапкершілікке тартылатын болады.  Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді", - деп хабарлады Атырау облысының ПД баспасөз қызметі. 

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0