Атырауда ұлынан қорлық көрген қария сот алдында оқиғаны ұмытып қалды

Күдікке ілінген Қанат Сисенов өзіне тағылған айыпты жоққа шығарып, мұның бәрін жала деп атады.

Қазан 21, 2026 - 16:36
 0  9
Атырауда ұлынан қорлық көрген қария сот алдында оқиғаны ұмытып қалды
Фото: Видеодан скрин

Атырау облысында туған ұлынан қорлық көргенін  90 жастағы Әділхан Сисеновтің денсаулығы нашарлап, болған оқиғаны есіне түсіре алмай қалған, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Оқиға Қызылқоға ауданының Сағыз ауылында болған. Биыл жазда қария кенже ұлының өзін ұрып, ас-сусыз қамап қойғанын айтып, түн ішінде терезеден қашып шыққанын мәлімдеген. Сол кезде ол денесіндегі жарақаттарын көрсетіп, оқиғаның мән-жайын баяндаған болатын.

Қарияның қарындасы Кенжетай Сисенованың сөзінше, ұлы әкесін үйіне қайтып келсе, өлтіретінін айтып қорқытқан. Ал немересі Сәуле Әділханның айтуынша, ақсақал сотқа өзі қатысып, басынан өткен жағдайды айтып беруге дайын болғанымен, денсаулығы сыр беріп, есте сақтау қабілеті нашарлаған.

«Ұмытып қалған, ештеңе білмейді. Осыған дейін үш айға дейін соты болғанда бәрін біліп, бәріне жауап берер ме еді? Негізі, күтті, өз аяғыммен сотқа барамын деп күтіп еді. Бірақ енді атамызды осындай жағдайға түсіріп тастап тұр ғой», – дейді немересі Сәуле Әділхан.

Күдікке ілінген Қанат Сисенов өзіне тағылған айыпты жоққа шығарып, мұның бәрін жала деп атады. Сондай-ақ әкесіне жиырма жылдан астам уақыт бойы қарағанын айтып, сараптама қорытындысында денсаулығына ауыр зиян келмегені көрсетілгенін мәлімдеді.

Қылмыстық іс Жылыой ауданының сотында қаралып жатыр. Бұған дейін полиция аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғаған еді.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0