Атыраудағы түнгі клубта ер адамды аяусыз сабап кеткен

Қаңтар 22, 2026 - 14:35
Қаңтар 22, 2026 - 14:44
 0  18
Атыраудағы түнгі клубта  ер адамды  аяусыз  сабап кеткен
Фото: Видеодан скрин

Әлеуметтік желіде Атыраудағы түнгі клубтардың бірінде болған төбелестің видеосы тарады, деп хабарлайды sadaq.kz.

Төбелес 18 қаңтар күні қаладағы «Зиллон» барында болған. Бейнежазбада көрсетілгендей, жанжал мекеменің әжетханасында басталып, кейін далада  да жалғасқан көрінеді.  Екі ер адам бір жігітке жабылып, тепкінің астына алған. Төбелестің себібі анықталып жатыр. Зардап шеккен адамның қазіргі жағдайы әзірге белгісіз. Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеме жасаған жоқ. 

«18 қаңтар күні 102 арнасына қаладағы мекемелердің бірінде белгісіз тұлғалардың құқыққа қайшы әрекет жасағаны туралы хабарлама түсті. Полиция қызметкерлері 32 және 33 жастағы екі күдіктіні ұстады. Қазіргі уақытта бұзақылық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады полиция.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0