«Ауылбай, колхозсыңдар»: Тұрсынбек Қабатовтың қызы желідегі сөзі үшін сынға қалды
Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов пен әнші Мөлдір Мұқанның қызы Айару желіде айтқан сөзі үшін қатаң сынға қалды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Ол тікелей эфирде өзіне хейт жазғандарды "ауылдан шыққан", "колхоз" деп кемсіткен.
"Маған хейт жазатын адамдардың барлығы ауылдан екеніне сенімдімін. Өмірде ешқандай жетістікке жетпеген. Ал мен өзімнің 14 жасымда күшті билей аламын, коньки тебе аламын, футболды жақсы ойнай аламын. Сендердің қолдарыңнан келе ме? Жоқ. Сендер өздеріңді ауылдан шыққандай ұстайсыңдар. Колхоз деп айтуға да болады", - деді ол.
Желі қолданушылары Айарудың бұл сөздеріне ашуланып, жаппай сынап тастады.
"Билеу, футбол ойнау қашаннан бері жетістік болып кеткен?", "Мөлдір қайда қарап отыр?", "Кешірім сұрасын!", "Ауылдан өз әкесі де, анасы да шықты ғой", "Небір дарындылар ауылдан шығып жатыр", "Не айтып отыр?", "Сұмдық қой", - деп жазды оқырмандар.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0