«Ауылдан келгендер»: Желтоқсаншыларды қорлаған әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды
Әлеуметтік желіде желтоқсан оқиғасына қатысушыларды қорлаған әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Виолетта Паршина есімді желі қолданушысы Threads желісіндегі пікірлерде Желтоқсан оқиғасына қатысқандар туралы жазбаның астына “ақымақ”, “ауылдан келгендер” деп жазып, тағы бір жазбаға “оғбаған мемлекеттің жиіркенішті мақұлығы” деп пікір қалдырған.
"Осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Паршина полицияға жеткізілді. Қазір оның әрекеттері Қазақстанның қолданыстағы заңнамасына сәйкес заңды түрде бағаланып жатыр", – деп мәлімдеді Полиция департаменті.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0