«Айгүл» ансамблінің мүшесі Ағайша Исағұлова өмірден озды

Қыркүйек 9, 2026 - 10:43
chat_bubble  0 visibility  8
«Айгүл» ансамблінің мүшесі Ағайша Исағұлова өмірден озды
Фото: Ашық дереккөз

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор, әнші-композитор Ағайша Исағұлова 81 жасқа қараған шағында өмірден өтті, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Ағайша Исағұлова – 1945 жылы Жетісу өңірінде дүниеге келген. 1967 жылы ЖенПИ-ді тәмамдап, осы оқу орнында ұстаздық қызмет атқарған. Кейін университет профессоры атанды.

Ол кәсіби музыкант, баяншы әрі әнші ретінде танылып, 1968 жылы «Айгүл» вокалды-аспаптық ансамблін ұйымдастырушылардың бірі болды. Кейін «Шаттық жыры» ансамблін құрып, 1992 жылы студенттік опера театрын ашты.

Исағұлова көптеген республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты атанып, «Үздік музыка мұғалімі» атағын екі рет иеленген. Композитор ретінде Ж. Жақыпбаевтың сөзіне жазылған «Көкпар» әні үшін 2001 жылы Гран-при алған.

Өнер иесі Қазақстаннан бөлек, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Германия, Польша, Түркия және басқа елдерде өнер көрсеткен.

Көрнекті мемлекет қайраткері Дінмұхаммед Қонаев кезінде өнер иесінің талантын ерекше бағалаған.


"Мен қазақтың екі-ақ қызын білемін. Біріншісі — Хафиза Әбуғалиева аккордеонмен ән салушы еді, екіншісі қарындасым Ағайша — баянда ойнап ән айтады. Бұл қыздар елімізге келген біртуар таланттар ғой", – деген еді Дінмұхаммед Қонаев.

2022 жылы оған «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілді.

Ағайша Исағұлованың жаназасы 10 қыркүйек күні Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде өтеді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0