«Айтқан адам айта берсін»: Мақпал Жүнісова сахнада өзі туралы әңгімелерге жауап берді

Қыркүйек 8, 2026 - 12:04
chat_bubble  0 visibility  15
«Айтқан адам айта берсін»: Мақпал Жүнісова сахнада өзі туралы әңгімелерге  жауап берді
Фото: Видеодан скрин

Танымал әнші Мақпал Жүнісова Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Қараөзен ауылының 60 жылдығына арналған мерекелік кеште өнер көрсетті, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Мерекелік шараға арнайы барған өнер иесі концерт алдында Жалпақтал кентіне ат басын бұрған. Онда белгілі композитор, өнер жанашыры Баян Қабиеваның шаңырағында қонақ болып, дастарханнан дәм татқан.

Әнші сахнаға шығар алдында жақсылап тамақтанып алғанын әзілге айналдырып, жергілікті жұрттың қонақжайлығына ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ  Мақпал Жүнісова әңгіме барысында өзі туралы ел арасында тарайтын түрлі сөздерге де пікір білдірді.

«Тойып алдық дегенге басқа нәрсе деп ойлап қалмаңдар. Тұзымыз жеңіл адамдармыз. Өмір бақи онымен айналыспасақ та, солай атымыз шығып кетті. Біздікінің бәрі көрініп тұрады ғой. Сондықтан мен оған қатты қайғырып жүрген жоқпын. Айтқан адам айта берсін. Өзім аман болсам болды. Ондайға уақытым да жоқ», – деді әнші.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0