Әжетханаға тастаған: 3 жасар баланы қасақана өлтірген қызға үкім шықты

Маусым 10, 2025 - 09:44
Әжетханаға тастаған: 3 жасар баланы қасақана өлтірген қызға үкім шықты
фото: sputnik.kz

Түркістан облысында 3 жасар баланы қасақана өлтіріп, тағы бір балаға қастандық жасауға оқталған қызға сот үкімі шықты, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Тергеу органы күдіктіге жас баланы өлтіру, жас баланы өлтіруге оқталу баптарымен айып тақты. 2024 жылдың 16 мамыры күні сағат 09:30 шамасында Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Сіргелі ауылында күдікті 2021 жылы туған көрші үйдің баласын жер үйінің ауласында әжетхана шұңқырына күштеп тастап, оны қасақана өлтірген.

Сондай-ақ 2024 жылдың 13 шілдесі күні сағат 20:00 шамасында басқа көршінің 2019 жылы туған баласын әжетхана шұңқырына тастайын деп жатқанда қылмыс әшкере болған. 2024 жылдың тамыз айындағы кешенді сот-психиатриялық-психологиялық сараптамасының қорытындысына сай, күдікті "Шизофрения симптомдары қабаттасқан жіті полиморфты психоздық бұзылу" түріндегі созылмалы психикалық ауруға шалдыққаны анықталды. 

"Оқиға кезінде күдікті психикалық ауру жағдайында болған, ол қылмыстық іс үшін маңызды болған іс-әрекеттерді дұрыс қабылдай алмаған және олар туралы жауап бере алмайды" деген тұжырым назарға алынып, қайта сараптама белгіленген. "2025 жылы сот белгілеген қосымша кешенді сараптамаға сәйкес, бірінші сараптама қорытындысы бойынша нәтиже өзгеріссіз қалған", - деп хабарлады облыстық сот.

2025 жылы 5 наурызда күдік сот қаулысымен күдікті қоғамға қауіпті іс-әрекетті ақыл-есі дұрыс емес күйде жасаған адам ретінде танылып, қылмыстық жауаптылықтан босатылып, оған интенсивті байқайтын мамандандырылған үлгідегі психиатриялық станционарда медициналық сипаттағы мәжбүрлеп емдеу шаралары тағайындады. Қаулы заңды күшіне енді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow