«Ажырасқан әйел жалғыз ұзақ жүрсе, еркек жынмен төсектес болады»: Оранған әйелдің уағызы жұртты шошытты

Маусым 24, 2025 - 15:57
Маусым 24, 2025 - 22:39
«Ажырасқан әйел жалғыз ұзақ жүрсе, еркек жынмен төсектес болады»: Оранған әйелдің уағызы жұртты шошытты
Фото: ғаламтордан

Желіде  Әсия есімді орамалды әйелдің бір түрлі уағызы тарап жатыр, деп хабарлады sadaq.kz.

Оның айтуынша, ажырасқан әйелдердің ұзақ уақыт некесіз жүрген әйелге жын ғашық болып қалатын көрінеді.

«Ислам бойынша егер, ажырасқан әйел адам үш ай, он күннен кейін некелеспесе, ұзақ уақыт некесіз, ер адамсыз өмір сүретін болса, оған еркек жын ғашық болып, отырып алады. Ешкімді оған жолатпайды. Әйел адам біреумен танысса да анау ұнамайды, мынау ұнамайды деп жақтырмай тұрады. Түсіне де кіретін болады. Түсінде еркек жын сол әйелмен кәдімгідей қосылатын болады. Сондықтан ұзақ жүріп қалмаңыздар. Ұзақ жүрген әйелдер, естеріңізге түсіріңіздер, ойланыңыздар. Сондай түстер көрмейсіздер ме? Егер, сондай болатын болса, қорқу керек. Он жыл күйеуге шықпаған пациентім бар. Он жылдан кейін күйеуге тигеніне 7-8 жыл болғанда, сол жын мазалап, күйеуіне жек көрінішті қылып көрсеткен. Тіпті асылып қалған. Қайта күйеуі құтқарып үлгерген. Қазір оқытылып жүр», - дейді ол.

Аталмыш видео желі қолданушылары арасында қызу талқылануда.

«Аңқау елге арамза молда болды. 3 ай 10 күн дегенді қайдан шығарып алған», «Не шықса да осындай хиджабтағылардан шығады», «Осыларға тоқтау бар ма? Елді құртып бітті ғой», - деп жазды олар.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow