«Бақытты болуға уәде береміз»: Мөлдір Мұқанға бес баласы тосын сый жасады(ВИДЕО)

Наурыз 10, 2026 - 15:00
app_badging Наурыз 10, 2026 - 15:06
chat_bubble  0 visibility  52
«Бақытты болуға уәде береміз»: Мөлдір Мұқанға бес баласы тосын сый жасады(ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин
Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы жары, продюсер Мөлдір Мұқанға балалары ерекше тосын сый жасады, хабарлайды Sadaq.kz.
 
Өнер иесін ұл-қыздары мерекемен құттықтап, бес баласының атынан 501 дана раушан гүлін сыйлады. Күтпеген жерден жасалған бұл тосын сый Мөлдір Мұқанды ерекше толқытты. Ол  өзінің өмірінде сыйланған гүл шоқтарынан дәл осы сәттегідей әсер алмағанын айтты.  
 
«Ең қымбаттым, әлемдегі аяулым, ең сұлуым, жаны мөп-мөлдір Анашымның қуанғаны, балаша таңданғаны үшін бар әлемнің гүлін сыйлауға дайынбыз. Мамамыз біздің, жарық жұлдызымызсыз, сонымен қатар қарапайым мейірімді дана анамызсыз. Сіздей ананың баласы болған біздер бақыттымыз. Жүзіңіздегі күлкіңіз біз үшін – КҮН. Осы күннің нұрына жылынып біз әрдайым жаныңызда боламыз. Мейрамыңызбен, мама! Өзіңіз үйреткендей ғажап өмір сүруге және бәріміз бақытты болуға уәде береміз. Арманымыз орындала берсін, Анашым!», – деп жазба қалдырды Әдемі Тұрсынбекқызы. 

Желі қолданушылары анасы мен балаларының әсерлі видеосына жақсы пікірлерін жарыса жазды. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0