«Бақташы өзі ұрлаған»: Жетісу облысында 46 млн теңгенің мал ұрлығы әшкереленді

Сәуір 22, 2026 - 16:01
app_badging Сәуір 22, 2026 - 16:01
chat_bubble  0 visibility  2
«Бақташы өзі ұрлаған»: Жетісу облысында 46 млн теңгенің мал ұрлығы әшкереленді
Фото: polisia.kz.

Ескелді ауданының тұрғыны полицияға жайылымнан 81 бас асыл тұқымды ірі қарасының 39-ы қайтарылмағанын айтып, шағым түсірді, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Келтірілген материалдық шығын – 46 миллион теңгені құрайды.

Арыз түскен бойда полиция қызметкерлері бірден жедел-іздестіру шараларына кірісті. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында болған жағдайдың мән-жайы белгілі болды.

Малды 17 жыл бойы бағып келген 45 жастағы бақташы күдікке ілінді. Жедел-тергеу әрекеттерінің нәтижесінде аталған азаматтың қылмысқа қатысы бары анықталды. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Барлық мал өз иесіне қайтарылды.


Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0