«Баладан бас тартты»: Алматылық суррогат ана қытайлықтардан 7,5 млн теңгесін ала алмай жүр
Қытайлық ерлі-зайыпты әйелге жүктілік кезінде ақшаны уақытылы беріп, ай сайын шамамен 200 мың теңге жалақы төлеп отырған. Бірақ жағдайы асқынуына байланысты Кристина Гаврилюк мерзімінен бұрын, яғни жетінші айда босанған. Ал қытайлықтар шала туған ұлды алудан бас тартқан.
"Кесарь тілігінен кейін оны бірден алып кетті. Шамамен төрт сағаттан соң маған медбике келіп, баланы тапсырғанын айтты. "Бәрі жақсы ма, тірі ме?" деп сұрадым. Ол "бәрі жақсы" деді. Биологиялық ата-анасы алдымен баланың денсаулығын тексеру үшін анализ алуды талап етті. Анализдер бәрі дұрыс екенін көрсетті. Бала салмақ қоса бастады. Кейін олар ДНҚ тест жасауды талап етті. ДНҚ тест олардың баламен туыстығын растады. Мен куратормен байланыста болдым. Бірақ кейін биологиялық ана жауап беруді тоқтатып, "баланы алып кетіңдер" деді", - дейді суррогат ана.
Кристина Гаврилюк дүкенде сатушы болып жұмыс істейді. Өзінің алты жастағы қызы бар. Әйел екі рет суррогат ана болған, екі жағдайда да келісім сәтті аяқталған. Ал бұл жолы ақысын ала алмаған. Ол бөтен баланы тәрбиелейтін ойы жоқ екенін ашық айтып отыр. Сондықтан босанғаннан кейін бірден нәрестеден бас тарту туралы өтініш жазған.
Ал баланың биологиялық ата-анасы туралы ақпарат өте аз. Ерлі-зайыпты – Қытай азаматтары. Қазір олар қайда екені белгісіз. Процедура жасалған клиникадағылар пікір білдіруден үзілді-кесілді бас тартқан.
Полиция мұндай жағдайлар тек сотта қаралуға тиіс екенін мәлімдеді. Енді сәби үшін жауапкершілікті мемлекет өз мойнына алады. Қазір ол ата-анасы бас тартқан бала мәртебесінде.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0