«Барлығын мен өз мойныма аламын»: Төреғали Төреәлі жас әншімен дуэт орындағысы келетінін айтты
Танымал әнші Төреғали Төреәлі талантты жас әншімен дуэт орындап, шығармашылық байланыс орнатуға ниетті екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sadaq.kz.
«Құрметті достар! Көңілімде көптен бері жүрген бір ой бар. Мен еліміздің жас әрі талантты әншілерінің бірімен дуэт орындағым келеді. Қай қалада тұратыныңыз маңызды емес. Ең бастысы — таза дауыс, шынайы ниет және өнерге деген махаббат. Егер менімен дуэт айтқыңыз келсе — сізде осындай мүмкіндік бар. Біз бірге жаңа ән жазамыз. Ұшақ билеті, тұру және бейнебаян түсіру шығындарының барлығын мен өз мойныма аламын. Сізден тек әдемі ән айту, жүректен шығатын өнер керек»,– деді ол.
Әнші өзімен дуэт айтқысы келетін өнерпаздарға бұл мүмкіндіктің шарттарын да түсіндіре кетті.
«Егер дуэтке қатысқыңыз келсе:
1. Ән айтып тұрған қысқа бейнеңізді түсіріңіз.
2. Сол бейнені Instagram парақшаңызда жариялап, мені және продюсерім, Жан Мукановты белгілеңіз. Біз барлық бейнелерді қарап, бірге орындайтын дуэт әніне лайықты орындаушыны таңдаймыз»,– деп жазды әнші.
Сондай-ақ, әнші талантты сазгерлерге де үндеу жасады.
«Егер сіздерде жақсы әндер немесе әуендер болса, өз ұсыныстарыңызды жіберіңіздер. Келіңіздер, бірге халықтың рухын көтеретін, жүректерге жететін, елге сүйікті болатын жаңа ән жасайық. Сіздерді күтемін. Өнер жолында бірге кездескенше!», – деді Төреғали Төреәлі.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0