«Байға тиіп, бала туғаныңда жеңіл болушы еді»: Анна Данченко анасының қазасынан соң өзіне ақыл айтқандарды орнына қойды
Тележүргізуші Анна Данченко анасының қазасынан кейін әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, ата-анасына қатысты пікір білдіргендерге жауап берді, деп хабарлайды sadaq.kz.
Тележүргізуші жазбасында өзін сынап, жеке өміріне қатысты ақыл айтқандарға ренішін білдірді.
«Байға тиіп, бала туғаныңызда жеңіл болушы еді» деп жазып жатқандарға – өздеріңізге Құдайдың рөлін алмаңыздар! Менің басымнан не өткен-өтпегенін білмейсіздер. Мені енді одан әрі қинамаңыздар! Мен онсыз да әрең жүрмін, мұнда мені ұстап тұрған ештеңе қалмады», – деп жазды Анна Данченко.
Ол ата-анасы берген тәрбиенің өзіне жеткілікті екенін атап өтті.
«Ақылдарыңызды өз ұл-қыздарыңызға айтарсыздар. Әке-шешемнің берген тәрбиесі өзіме жетеді, шүкір! Алланың маған жазғаны осы болса, әкеме де, анама да жылап қарауға ойланбастан келіскен едім, тек олар жанымда болса болғаны», – деді тележүргізуші.
Сондай-ақ ол «ауылдан көшіріп әкелмеу керек еді» деген пікірлерге де жауап берді.
«Олар көшіп келген жоқ. Мен үй алып берсем де, олар келмес еді. Әкем ауырып, Алматыға емделуге келіп, төрт айдан кейін қайтыс болды. Анам менің қасымда қалды. Әлде жалғыз өзін Аралға жіберуім керек пе еді?» – деп жазды ол.
Соңында Анна Данченко оқырмандарын пікір жазбас бұрын ойланып, өзіне ауыр сөз айтпауға шақырды.
«Маған бірдеңе жазбас бұрын ойланыңыздар! Ал айтар сөзіңіз болмаса, одан да үндемегендеріңіз дұрыс!» – деп түйіндеді тележүргізуші.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0