«Бесінші әйелімін»: Динара Сәтжан жеке өміріне қатысты бар шындықты жайып салды

Көпшілік Динарадан мұндайды күтпегенін айтып, таңданыстарын жеткізді.

Ақпан 24, 2025 - 14:29
Ақпан 24, 2025 - 15:03
«Бесінші әйелімін»: Динара Сәтжан жеке өміріне қатысты бар шындықты жайып салды
Коллаж: ozgeris.info

Динара Сәтжанның Сарыағаш қаласында келіндік міндетін атқарып жүрген видеосы тарады. Осы тұста желіде танымал тележүргізушіге қатысты түрлі ақпар тарады, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

«42 жастағы Динара Сәтжан екінші әйел болды. Динара Сәтжан 5 баласы бар еркектің тоқалы болды. Динара мен Жұмабек Жанықұлов», — деп жазды qzq_fiilm инстаграм парақшасы.

Видеоға пікір қалдырғандардың қарасы көп, оның ішінде Динара Сәтжанның өзі бар.

«Екінші емес, бесінші әйелімін. Дұрыстап жазыңыздар», — деді тележүргізуші.

Желі қолдануышылары болса, Динарадан мұндайды күтпегенін айтып, таңданыстарын жеткізді.

«Мүмкін емес, Динара өте ақылды қыз», «Қызын да үйленген еркектен туып алып еді», «Өзін сонша төмендеткені несі? Динарадан күтпедім, Баяннан үлгі алмай ма?», — деді олар.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow