Бибісара Асаубаеваның сұхбатынан кейін қызымның есімін өзгерттім – Біржан Хасанғалиев

Сәуір 28, 2026 - 14:23
chat_bubble  0 visibility  3
Бибісара Асаубаеваның сұхбатынан кейін қызымның есімін өзгерттім – Біржан Хасанғалиев
Коллаж: 1bol.kz

Танымал композитор Ескендір Хасанғалиевтің ұлы Біржан Хасанғалиев төртінші рет әке атанды. Ол бұл қуанышты жаңалығымен әлеуметтік желіде бөлісті.

Өнер иесінің айтуынша, дүниеге келген қызына бастапқыда Іңкәр есімін беруді жоспарлаған. Алайда кейін шешімін өзгертіп, ерекше таңдау жасаған.

«Төртінші баламыз дүниеге келді. Қызым туған сәттен бастап өзімді ерекше бақытты сезініп жүрмін. Алғашында есімін Іңкәр деп қою ойымда болды. Кейін Бибісара Асаубаева туралы сұхбатты көріп, оның таланты мен алғырлығына тәнті болдым. Қызым да сондай зерек, ақылды болсын деген ниетпен есімін Бибісара деп атауды жөн көрдік. Тағы бір қызық жайт – қызым 25 ақпанда дүниеге келсе, Бибісара Асаубаева 26 ақпанда туған екен», – деді ол.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0