«Білген кезде «аһ» ұрдым»: Дана Нұржігіт 32 жыл бұрын зорланған әйел белгілі журналистің қарындасы екенін айтты

Маусым 9, 2026 - 15:04
chat_bubble  0 visibility  2
«Білген кезде «аһ» ұрдым»: Дана Нұржігіт 32 жыл бұрын зорланған әйел белгілі журналистің қарындасы екенін айтты
Фото: dana_nurzhigit парақшасынан

Белгілі журналист Дана Нұржігіт марқұм әріптесі Азамат Қалымбетовтың туған қарындасы Наташа Қалымбетова туралы әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Оның айтуынша, бірнеше күннен бері қоғам назарын аударған қайғылы оқиғаның кейіпкері Наташа Қалымбетованың Азамат Қалымбетовтың туған қарындасы екенін жақында ғана білген.

«Бірнеше күннен бері осыдан 32 жыл бұрын бір топ айуанның қолына түсіп зорланған, аяғы ауыр болып, дүниеге келген баласынан көз жазып қалған ананың біздің марқұм әріптесіміз Азамат Қалымбетовтың туған қарындасы екенін кеше білдім. Білдім де “аһ” ұрдым! Бұл мәліметті маған жеткізген радиодағы әріптесім Жанар Оразымбетке рақмет!», – деп жазды Дана Нұржігіт.

Журналист бұл жаңалықты естігеннен кейін Наташа Қалымбетоваға бірден хабарласқанын айтты.

«Мен Наташаға бірден хабарласып, бүгін жылап көрістік! Наташаны Азамат хәл үстінде жатқанда ғана біліп, естігенім болмаса, бір-бірімізді көрген адамдар емеспіз», – деді ол.

Айта кетейік, соңғы күндері Наташа Қалымбетованың өмір тарихы әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланып жатыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0