«Бір сәтте жауыз болып шыға келдім»: Бағжан Октябрь халық сынына жауап берді
Әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен танымал виолончелші Бағжан Октябрь жағдайға қатысты жазба жариялады, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Қасиетті Меккеде қажылық жасап жүрген өнерпаз TikTok желісіне көңілді клубтық әуенмен видео жүктеген. Бұл әрекеті желі қолданушыларының наразылығын тудырып, көпшілік тарапынан сынға ұшырады.
Осыған байланысты Бағжан Октябрь Threads парақшасында жазба қалдырды.
«Threads-та бір сәтте жауыз болып шыға келіппін… Егер біреудің көңіліне тиген болсам, кешірім сұраймын. Алда екі күнім бар. Телефонымды чемоданға салып, өзіммен оңаша қалып, дұға жасап жалғастырайын», – деп жазды.
Сондай-ақ музыкант бұл жағдайды өмірлік сынақ ретінде қабылдағанын айтты.
«Еш жаман ойсыз, күнде қолданатын TikTok дыбысына видео салған едім. Ұйқыдан тұрып қарасам, желіде шу басталып кетіпті. Бір сәтте күнәһар, тәкаппар, жауыз атанып шыға келдім. Иә, мүмкін қателескен шығармын – мойындаймын. Егер солай болса, жауапкершілігін өз мойныма аламын. Өмірімде ешкімге қиянат жасаған емеспін, тіпті жәндікке де зияным тимеген. Мұның бәрін сынақ деп қабылдаймын. Осындай сәттерде адам шыңдалады», – деп жазды ол.
Өнерпаз жалған ақпарат таратып, рұқсатсыз фото-видеоларымды қолданғандар жауапқа тартылады дейді.
«Ешкімді қорқытып тұрған жоқпын. Ешкімге де ашулы емеспін. Әрнәрсенің шегі бар, бірақ әрбір адам өз сөзіне, іс-әрекетіне жауапты болуы керек»,– деп ескерте жазды.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0