«Бірден келістім деп айта алмаймын» : Елдос Сметов жарын анасы таңдап бергенін айтты
Дзюдодан Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов «Sport+Qazaqstan» YouTube арнасына берген сұхбатында болашақ жарымен қалай танысқанын айтып, жеке өмірі жайында сыр шертті, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Спортшының бес баласы бар.
"Келіншегімді ата-анам таныстырды. Анама уәде бергенмін. “Қыз тапсаңыз, осы қыз маған ұнайды” деп айтсаңыз, сол адамға үйленемін дегенмін. Үлкен бір сапарда жүрген кезде сол сапарда танысқанбыз", – деді Елдос Сметов.
"Анам "қыз таптым" деп хабарласты. Жарайды, барғанда танысармын күтіп аламын дедім. Кездестік, бірақ мен ойланып біраз жүрдім. Бірден иә деп келістім деп айта алмаймын. Себебі бұл шешімге де дұрыстап ойлану керек болды. Бұл сатып алатын зат та, киім де емес. Кейін ойланып, шешім қабылдап, шешіміме нық сеніммен қадам бастым. Аллаға шүкір, қателескен жоқпын. Ата-ана ешқашан баласына жамандық ойламайды. Сондықтан анамның таңдауына күмән келтірген жоқпын", – деді спортшы.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0