Бишімбаевтың соты: 13 мамырға дейін үзіліс жарияланды
Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты сотта үзіліс жарияланды. Келесі сот отырысы дүйсенбі, 13 мамырда өтетін болды.
Бұл туралы соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысында бүгін прокурорлар соттан жаза тағайындауды сұрайды делінген болатын. Тараптар кеңесу бөлмесіне кеткен болатын. Осыдан кейін тікелей эфир тоқтатылып, БАҚ өкілдері сот отырысынан шығарылды.