БҚО-да 9 жастағы бала үйіндегі өрт кезінде екі інісін аман алып қалды
Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданында 9 жастағы Бейбарыс Тілекберген үйіндегі өрт кезінде інілерін құтқарып, ерлік көрсетті, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Аралтөбе ауылында тұрғын үйлердің бірінде өрт шығып, өрт кезінде үйдің ішінде кішкентай балалар болған.
Осы сәтті 9 жастағы Бейбарыс абдырап қалмай, батылдық танытып, екі інісін үйден қауіпсіз жерге шығарған. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер шамамен 5 шаршы метр аумақтағы өртті сөндірді.
Көрсеткен ерлігі үшін Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Елдос Батталов Бейбарысқа алғыс хат табыстады.
“Жас баланың батылдығы мен жедел әрекеті адамдардың өмірін құтқарып қалуға мүмкіндік берді”, – делінген департамент хабарламасында.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0