БҚО-да мас жүргізуші анасы мен қызын қағып кетті

Қыркүйек 10, 2026 - 14:12
chat_bubble  0 visibility  13
БҚО-да мас жүргізуші анасы мен қызын қағып кетті
Фото: polisia.kz

Батыс Қазақстан облысында мас жүргізуші көлікпен екі әйелді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен. Әйелдердің бірі қаза тауып, екіншісі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Оқиға 8 қыркүйек күні сағат 23:00 шамасында Круглоозерное ауылында болған. Lada Priora жүргізушісі жол жиегімен келе жатқан екі әйелді қағып, тоқтамастан қашып кеткен.

Полиция жүргізушіні көп ұзамай ұстады. Медициналық тексеріс оның көлік жүргізген кезде мас болғанын көрсетті. Қазір күдікті қамауда.

Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер анасы мен қызы. Қаза тапқан әйел 31 жаста болғаны айтылуда. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0