Бозжыра шатқалында қонақүйдің құрылысы басталды

Сәуір 14, 2025 - 15:22
Бозжыра шатқалында қонақүйдің құрылысы басталды

Маңғыстаудағы Бозжыра шатқалында ақыры қонақүй салынатын болды.

Облыс әкімдігі туристік жобаның құрылысы басталғанын хабарлады.

Жобада 17 глэмпинг павильоны, 50 қонақүй бөлмесі, жалпы аумағы 450 шаршы метр болатын визит-орталық пен этно-кафе қарастырылған.

Әкімдіктің мәліметінше, өңірдің туристік әлеуетін ілгерілетуге бағытталған кешен 2027 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

«Жоба авторларының айтуынша, визит орталығы экологиялық талаптарға және тұрақты туризм принциптеріне толықтай сай келеді. Кешен құрылысы отандық инвестор — «Pana Asia» ЖШС-нің жеке қаржысына салынады.

Бұған дейін, Бозжыра шатқалында қонақүй кешені мен этноауыл салынатын болып, жалпы халықтық наразылықтан кейін жоба іске аспай қалған еді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow